386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мейрамханадағы өрт. Полицейлер тілшіге кедергі келтірген азаматтың кім екенін анықтады

  • 187
  • UPD: 23:11, 06.08.2019

 

Бүгін «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтарында тікелей эфирге шыққан тілшіге кедергі келтірген азаматты қалалық тәртіп сақшылары ұстады.

Келеңсіз жағдай елордада ірі мейрамхана өртенген уақытта болған.

Полиция оның осы нысанның өкілі екенін анықтады. Ол бұған дейін өзін дәл осы мейрамхананың заңгерімін деп таныстырған болатын.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз хатшысы София Колышбекованың айтуынша, ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Еске сала кетейік, бүгін елордада Тұран даңғылы бойында орналасқан «Мельница» мейрамханасының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен болатын. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жіберілген. Өрт сөндірушілер келгенде мейрамханаға жапсарлас салынған нысанның шатыры өртеніп жатқаны анықталған. Қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан 30 адам мен 6 техника бірлігі жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы