386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республика бойынша қай облыста коммуналдық тариф арзан

  • 129
Республика бойынша қай облыста коммуналдық тариф арзан

Республика бойынша ең арзан коммуналдық тариф Павлодар облысында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электр қуаты тұрғындар үшін килловатт/сағатына 9 теңгеден беріледі. Жылудың гигакаллориясы 2254 теңге тұрады. Ал судың текше метрі – 38 теңге. Мұндай тариф 2015 жылы бекітілген. Содан бері өзгеріс енгізілмепті. Аймақта қазір жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмірдің бір тоннасы сапасына қарай 6 700-ден 14 500 теңгеге дейін жетеді. Мұнда да тұрғындардың коммуналдық төлемдерге деген қарызы қордаланып қалған. Бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша павлодарлықтардың тек электр энергиясына деген берешегі 250 миллион теңгеден асып кеткен.  

Талғат Испулов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы бастығының орынбасары:

– 2017 жылдың қыркүйек айында әкімдікпен қарыздарды азайту бойынша жұмыс жоспары бекітілген болатын. Осының арқасында түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Ескертулер жолданып, тұрақты түрде жиындар ұйымдастырылып келеді. Белгілі бір нәтижеге қол жеткіздік. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда қарыз көлемі 20 миллион теңгеге төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы