386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент көмекшісі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

  • 115
  • UPD: 22:59, 06.08.2019
Президент көмекшісі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады ortcom.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Аида Балаева елорда әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындары әртүрлі бағытқа қатысты мәселерлері қозғады. Олар - жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қатысты мәселелер. Азаматтар тарапынан түскен сұрақтардың 70 %-ға жуығы тұрғын үй, әлеуметтік қолдау және білім беру мәселелеріне қатысты болды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Аида Балаева тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғын үймен және кез-келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалатынын атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру проблемаларын көтерген қала тұрғындарының арасында балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мәселесін көтерген аналар да болды. Қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар нақтыланып, олардың шешімдері бақылауға алынды. ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, Аида Балаевамен жеке кездесуге ниет білдірушілердің саны өте көп болды. Мәселелердің көпшілігі қала әкімдігі деңгейінде шешілу мүмкіндігіне қарамастан , тұрғындар Президент көмекшісіне деген сенімділіктері жоғары екендігін көрсетті.

Ақпарат көзі: ortcom.kz

Хабар 24 телеарнасы