386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда полицейлерге арналған 90 пәтерлі үй салынады

  • 126
  • UPD: 08:45, 07.08.2019
Көкшетауда полицейлерге арналған 90 пәтерлі үй салынады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асатын мұндай жоба елімізде алғаш рет Ақмола облысында қолға алынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл жалпы баспана кезегінде тұрған азаматтардың азаюына сеп болады», – дейді сала мамандары. Ал жаңа үй қаладағы әскери бөлімнің маңайынан бой көтермек. Ол келесі жылы полиция күні қарсаңында пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, қазір 250-ден астам ақмолалық полицей Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы ретінде пәтер кезегіне тіркелген.

Виктор Букреев, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Бұл жоба 2019-2021 жылдарға арналған құқық қорғау органдарын модернизациялау жол картасының талаптарына сәйкес келеді. Яғни басты міндет – барлық қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету. Сондықтан алдағы жылдары бұл іс жалғасады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы