385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теңіз кубогы-2019» сайысына «Маңғыстау» әскери кемесі қатысады

  • 99
  • UPD: 08:45, 07.08.2019

Халықаралық әскери ойындар аясында Бакуде «Теңіз кубогы-2019» байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сайысқа қазақстандық теңізшілер де қатысады. Сондай-ақ әскери жарысқа Ресей, Әзербайжан және Иран елдерінің әскери кемелері қосылды. Алғаш рет Түркия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктерінің қарулы күштері Теңіз кубогына өз байқаушыларын жіберіп отыр. Каспий теңізінің Әзербайжанға тиесілі аумағында байқауға қатысушы құрамалар зеңбіректен ату, кемелердің төзімділігі және теңіз дайындығы бойынша жарысады. Қазақстан жағынан сайыста «Маңғыстау» әскери кемесі бақ сынайды. 

Қанат Ниязбеков, бірінші дәрежелі капитан:

– Әскери ойындар аясында өтетін «Теңіз кубогы-2019» – Каспий маңы мемлекеттерінің теңізшілері үшін бірегей жарыс алаңы. Әр құрама мұнда өз дайындығы мен шеберлігін көрсетеді. Осылайша бес жыл қатарынан осы байқауға қатысып отырған сарбаздар бес мемлекет арасында достықты және халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Хабар 24 телеарнасы