385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаркенттегі дала өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • 154
  • UPD: 14:28, 07.08.2019

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Арасан шатқалынан тұтанған дала өрті саябырсыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жаркент» орман шаруашылығы мекемесінің 100-ге жуық маманы және 20 шақты техникасы жұмылдырылды. 5 күнге созылған өрттің әрі қарай таралу қаупі жоқ.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Кеше өрттің жанынан үлкен қазаншұңқыр қазылып, Өсек өзенінен су алынған болатын. Сол қазаншұңқырдың арқасында өртті ауыздықтау мүмкін болды. Бүгінгі таңда өрттің ары қарай жайылу қаупі жоқ. Құтқарушылардың сөзінше, өрт ақырындап түнге дейін өзі сөнуі керек. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы