385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қаза тапқан орманшы мемлекеттік наградаға ұсынылды

  • 405
  • UPD: 14:25, 07.08.2019

Жаркент халқы дала өртінен қаза тапқан орманшы Еркінбек Оспановты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тау бөктеріндегі өрттен аман шыққанымен, еріктілерді құтқару үшін қызыл жалынның ортасына қайта кіріп, өзі опат болды. Еркінбектің артында бес баласы қалды. Кенжесі қырқынан жаңа шығыпты. «2006 жылдан бері орманшы болып қызмет етіп келе жатқан ол өз ортасында беделді де өте білікті маман болатын», – дейді оны жақсы білетін әріптестері.

Дала өртінің құрбаны болған үш азамат та Алматы облыстық әкімдігі тарапынан мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Темірлан Бектасов, Панфилов ауданының әкімі:

– Үш адамға да көмек беріп жатырмыз. Бес баласы бар азаматқа үй беріп жатырмыз. Мына кісіні мемлекеттік наградаға ұсынып жатырмыз. Себебі бүгінгі күннің батыры. Осындай ерлікке әрбір адам бара бермейді. Біреуді шығарамын деп өзі қаза боп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы