386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «АрМИ-2019» әскери ойындары басталды

  • 146
  • UPD: 14:27, 07.08.2019

Бүгін Жамбыл облысындағы Отар 40-әскери базасының оқу-жаттығу алаңында халықаралық «АрМИ-2019» әскери ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оған он елдің ең үздік әскери жасақтары қатысады. Ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне біздің арна тілшілері де қатысты.

Отар әскери гарнизонында халықаралық армия ойындарының салтанатты ашылуы басталды. Жалпы бұл халықаралық ойындар биыл ТМД елдерімен қатар Иран, Қытай, Үндістан және Моңғолия аумағында өтеді. Ал Қазақстанда өткізілетін ойындарға әскерилер «артиллериялық қарудың шебері», «радиобайланыс нақтылығы» және «ұшқышсыз шабуылдау» сынақтарына қатысып бабын байқатпақ. Бұл ойындарға тіпті сонау Венесуэла мемлекетінен, Африканың Зимбабве елінен, тіпті Сирия елінен арнайы келген әскерилер де бар.

Жалпы әлемнің 10 елінің аумағында өтетін ойындарға бас-аяғы 5 мың әскери қатысады. 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл маңызы бөлек іс-шараға Қазақстан тарапы үнемі белсенді қатысып, әскери ойындардың барлық түрлерінде біздің сарбаздар мен жауынгерлер ең жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ал ел сарбаздары ойындардың 32 түрінің 16 қатысатындығын айта кетейік. Жаңа ойынға келген әскерилер салтанатты шеппен жүріп өтті. Енді олар әр сынаққа қызу дайындықты бастайды.

Авторы: Алмас Садуақас

Хабар 24 телеарнасы