386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік дәрігерлер аллергияның белең алу себептерін атады

  • 136
  • UPD: 13:42, 07.08.2019
Ақтөбелік дәрігерлер аллергияның белең алу себептерін атады

Ақтөбе облысында аллергиялық ауруға шалдыққандар саны жыл санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде өңірдің әрбір үшінші тұрғыны осы дерт түрінен зардап шегеді. Бұл туралы талдау жұмыстарын жүргізген дәрігерлер мәлімдеп отыр. Мамандардың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын аймақ тұрғындарының 15 пайызы аллергиямен ауырса, бүгінде бұл көрсеткіш 30 пайызға жақындап қалды. Демікпеге шалдыққандардың қатары да соңғы 10 жылда екі есе өсіп, үш жарым мың адамға жетті. «Қазір аллергияның маусымдық түрі белең алып тұр», – дейді медицина қызметкерлері. Оның басты себебі ретінде адам ағзасындағы иммунитеттің әлсіреуі, экологияның нашарлауын айтады.

Замза Хайруллина, облыстың бас аллергологы:

– Адамның иммундық жүйесіне әсер ететін факторлар көп. Әсіресе қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстық жағдай, дәрі-дәрмекті қабылдау, тамақтың құрамы және тағы басқалар. Бұның барлығы қорғаныс жүйесінің әлсіреуіне әкеп соғады.

Хабар 24 телеарнасы