386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ қоғамдық қабылдау өткізді

  • 141
ҚР ІІМ қоғамдық қабылдау өткізді

Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Нұрғынбаев елордадағы Nur Otan партиясында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас полицейге шағымын айтуға 50 шақты адам жазылған. Біразы республиканың өзге өңірлерінен. Министр олардың базынасын видеобайланыс арқылы тыңдап, ведомствоның құзырына жататын түйіндерді шешуді жергілікті департамент басшыларына тапсырды. Қабылдауға келгендердің көбісі қылмыстық істердің тергеу барысына қанағаттанбайтынын және полиция қызметкерлерінің тарапынан жиі қысымға ұшырайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғынбаев бұқараны бұған дейін де бірнеше рет қабылдаған болатын. Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, сол кезде түскен шағымдардың 80 проценттейі оң шешімін тапқан.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

– Барлық арыз жіті қарастырылады, қатаң тексеріледі. Егер полиция тарапынан қандай да бір заңбұзушылық табылатын болса, біз әрбір факт бойынша қызметкердің үстінен іс қозғап немесе нақты шаралар қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы