386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақбөкендер популяциясын мониторингілеу дронның көмегімен жүргізіледі

  • 123
  • UPD: 15:26, 07.08.2019
Ақбөкендер популяциясын мониторингілеу дронның көмегімен жүргізіледі zakon.kz

Бүгін Ақмола облысының Қабанбай кентінде «Каспий құбыр консорциумы – К» АҚ компаниясы сыйға тартқан Supercam S350 ұшқышсыз əуе аппаратының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Дрон əуеде 4,5 сағат бойы ұшуға қауқарлы. Оның көмегімен ақбөкендер популяциясын мониторингілеу шекарасы кеңейеді. Аппарат сурет пен бейнетүсірілім деректерін 90 шақырым қашықтықтан бере алады.

Тұсаукесерге қатысқан экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ақбөкендер популяциясы туралы дəл деректер беретін əрі үлкен аумақты қамти алатын аса қажетті аппаратты сыйға тартқаны үшін «КҚК-К» компаниясына ризашылығын білдірді.

Əуе есебі бойынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы ақбөкендердің жалпы саны 334 мың басқа жетті. Өсім 56,0 пайызды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы