386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде өзен арнасын кеңейтуде экологиялық заң талабын бұзу тергеліп жатыр

  • 112
  • UPD: 19:47, 07.08.2019

Ақтөбе облысында экологиялық заң талаптарын бұзғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге салайық, осы өңірдегі екі мемлекеттік орган мен үш мердігер компанияның қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған еді. Олар қала ішіндегі өзен арнасын кеңейту кезінде жүздеген ағаш оталған. Соның салдарынан мемлекетке алты млн теңге залал келді. 

Азамат Құстанов, облыстық прокуратураның басқарма басшысының міндетін атқарушы: 

- Жеті сотқа дейінгі тергеу басталған. Оның ішінде мердігерлерге қатысты ағаш бұталарды заңсыз кесу, Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесу бойынша бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар өкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғандары үшін және қызметттеріндегі әрекетсіздік үшін тергеу басталып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы