386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жол сапасы жіті бақылауға алынады

  • 105
  • UPD: 18:57, 07.08.2019
Павлодар облысында жол сапасы жіті бақылауға алынады

Ауыл-аймақтардағы жол сапасы да жіті қадағаланады. Павлодар облысында бұл міндет тәуелсіз компаниялардан бөлек жол активтерінің ұлттық орталығына жүктелген.

Бұған дейін орталық мамандары тек респубикалық жолдарды бақыласа, енді жергілікті маңыздағы инфрақұрылымға да жауапты. Жол құрылысына қолданылатын материалдар да тексеріледі. Қазір өңірде жергілікті деңгейдегі 4 мың шақырымға жуық жол бар. Жыл басынан бері зертханашылар жөнделіп жатқан учаскелерге 97 рет шығып, құрылыс материалдарының 68 сынамасын алыпты. 48 жағдайда сапасы талапқа сай болмай шығып, ескерту жасалған. 

Асқар Сәукенов, жол активтері сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалының директоры:

- Жол салу барысында қолданылынатын технологиялар сақталмай жатады. Ал қиыршықтас, битум сияқты материалдарының сапасы талапқа сай болмайды. Бұл  жиі кездесетін олқылықтар. Мұны зертханалық тексерістердің нәтижелері растайды. Тексерістер нәтижесінде анықталған ақауларды жою жауапты органдарға жүктелді. Орталық мамандары елді мекендердің көшелеріндегі жол салу барысын да бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы