388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АрМИ-2019: Қатысушылар сайысқа тыңғылықты дайындалып келген

  • 460
  • UPD: 20:37, 07.08.2019

Елімізде 13 мемлекеттен келген әскерилер сайысқа түседі. Отардағы әскери гарнизонда «Халықаралық армия ойындары 2019» жарысы басталды. Сарбаздар танкпен түрлі кедергілерден өтіп, пулеметпен атудан өзара мықтыны анықтайды.

Халықаралық армия ойындары үш тілде орындалған патриоттық әуеннен басталды. Әскерилер сап түзеп, көк туымыз көкте желбіреді. Салтанатты ашылу рәсімене қатысқан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, бұл доданы әскери дипломатияның жаңа түрі деп бағалап, сарбаздарға сәттілік тіледі.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бүгінде «Халықаралық армия ойындарын» өткізуде өзіндік игі дәстүр қалыптасты.  Ойындар шеңберінде қатысушы елдердің іскери қызметшілері қарым-қабілетін шыңдап, тәжірибе алмасумен кәсіби деңгейін арттыра түседі. Биылғы армиялы ойындарына келген мәртебелі меймандарға шексіз ризашылығымды білдіріп, қатысушыларға толағай табыс тілеймін.

Талап бойынша сарбаздар  ирелең жолды танкпен жүріп, миналанған алаңнан өтуі тиіс. Бұдан кейін қатысушылардың қырағылығы тексеріледі. Олар 2 мың метр қашықтықтағы нысанды пулиметпен атып, дәл тигізу керек.

Дәулет Оспанов, генерал-майор,  жауынгерлік дайындықтан бас қолбасшының орынбасары:

- Жарысқа қатысушылардың дайындықтары өте мықты. Қырғыздардың, өзбектердің, Сирия мен Иранның дайындықтарын өзім көрдім. Барлық жағынан мықты дайындалған. Барлық қатысушылар Қазақстанның техникасында дайындалып жатыр. Қару-жарақ, оқдәрінің барлығын Қазақстан беріп жатыр.

Бесінші жыл қатарынан өткізіліп отырған Халықаралық армия ойындарына биыл бас аяғы 39 мемлекеттен 200 ден астам команда келген. Биыл сайыстағы тапсырмалардың саны да артқан. 2015 жылғы ойындар 14 конкурстан тұрса, қазір олардың саны 32-ге жеткен.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы