386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы дауыл кезінде ағаш құлауынан жараланған бала ауруханада жатыр

  • 108
  • UPD: 21:23, 07.08.2019
Оралдағы дауыл кезінде ағаш құлауынан жараланған бала ауруханада жатыр

Батыс Қазақстан облысы қатты дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен әлек. Бірер күн бұрын өңірде жел күшейіп, біраз әбігер туғызған еді.

Ағаштар құлап, адамдар жарақат алған. Жүзден аса электр желіcі бүлініп, бірнеше әлеуметтік нысанның шатырын жел ұшырып әкетті. Құлаған ағаш астында қалып, ауруханаға жатқызылған 5 адамның бірі 8 жастағы қыз бала. Ол әлі ауруханада ем алуда. Шығын көлемін анықтау мақсатында комиссия құрылды. Қазір барлық зардап шеккен тұрғындарға тіркеу нөмірі бар анықтамалар беріліп, сақтандыру ұйымдары арқылы өтемақы төлеу мәселесі қолға алынған. 

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басшысы:

- Тексеріс жүргізіледі, кінәлі деп танылған тұлғалар шығынды өтейтін болады. Мәселен, Ақсай қаласында пәтер тұрғыны өз балконын дұрыстап бекітпеген. Қатты жел кезінде оның қаптамасы көліктің үстіне құлады. Мұндай жағдайлар бойынша зардап шегуші тарап сотқа шағымдана алады. Кеше кешкісін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Алайда қаладағы кейбір шағынаудандарға әлі жарық берілген жоқ. Барлық апаттық құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы