386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады

  • 107
  • UPD: 22:32, 07.08.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Transpаrency International Kazakhstan» жазғы мектебі өз жұмысын аяқтады.

Бір айда 18 қалада 800 қазақстандық білім алды. Олардың қатарында журналистер, құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, студенттер, мұғалімдер, әкімдер мен мәслихат депутаттары бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұру керек? Бұл сұраққа жауап табу үшін қоғам белсенділері қысқа мерзімде тиімді курстан өтуге жиналған. Олар парақорлықпен күресуі тиіс тәуелсіз мамандар. Бірақ іске келгенде қоғам белсенділерінің өздері де дайын емес екені анықталды. 

Ольга Шиян, «Transparency Kazakhstan» қорының атқарушы директоры:

- Әр облыста арнайы мониторингтік топ бар. Бірақ жеке өзім олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны оқығандығын көрмеппін. Ал олар мемлекеттік органдардың оны сапалы орындауын қадағалайды. Немесе ешбір міндеттемені білместен Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді қалай орындап жатқандығын бақылайды. Бұл деген қарама-қайшылық туғызатын жәйт. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу сауаттылығы бойынша курстар індетке қалай қарсы тұру керек екенін егжей-тегжей түсіндіреді. Мұнда мамандар өмірде болған жағдайларды мысалға алып, тиімді шараларды айтады. Бұл құралдарды кейін парақорлықты болдырмау мақсатында қолдануға болады дейді мамандар. Өңірде бұл жақсы іске асып жатқан секілді. Себебі соңғы жылы Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі 11,5 процентке төмендеген. 

Денис Шакенов, ҚР СЖҚ Іс-қимыл агенттігінің қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы:

- Қарағандыда Трансперенси жазғы мектебінің марафоны аяқталуда. Бірақ идеяның өзі аяқталған жоқ. Мамандарды оқыту заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Яғни қоғам өкілдерін осы курстарға тарту міндетті болып саналады. Бұл өз жемісін береді. 

Қазақстан бойынша жазғы мектепте 800 адам оқытылды. Олардың дені осы курстардан кейін сыбайлас жемқорлықпен күресудегі көзқарасы өзгергендегін айтады. Енді олар алған білімдері іс жүзінде қолдануға дайын. 

Авторлары: Риат Шони, Юлана Чаус, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы