385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын балаларға оқу құралдары тарту етілді

  • 122
  • UPD: 23:50, 07.08.2019

Қызылордада бірінші сыныпқа баратын 150 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тарту етілді.

Бұл игі шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында жүзеге асқан. «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясының алғашқы кезеңі Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орталығында басталды. Мұнда 70 балаға мектеп құралдары салынған сөмкелер сыйға беріліп, балмұздақ сертификаты үлестірілді. Сосын балалар кинотеатрдан сүйікті мультфильдерін тамашалады. Дәл осындай акция облыстың барлық аудандарында жалғасын тапты.  Нұр Отан партиясы жаңа оқу жылына дейін мұндай шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Алтынбек Жарылқасынов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының барлық мәслихаттардағы жергілікті депутаттар өздерінің қолдауларын білдіруде. Сол секілді ірі бастауыш партия ұйымдары да өздерінің қолдауларын білдіруде. Осы орайда біз барлық осы облыс тұрғындарын «Nur Otan» партиясымен қолға алынып жатқан «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы