386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да астықтың 94% орылды

  • 122
БҚО-да астықтың 94% орылды

Батыс Қазақстан облысында егін орағы қарқын ала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні бүгінге дейін 69 мың гектар күздік бидайдың 94% орылып, ел ырысы ысырапсыз қамбаға құйылған. Орташа өнім әр гектардан 10 жарым центнерден келеді. Бұл өткен жылғыдан сәл артық. Дәнді дақылдардың жалпы аумағы 247 мың гектарды құраса, оның 45 мыңына арпа себілген болатын. Диқандар жауын-шашынның жиілеп кетуіне байланысты биыл арпаны тікелей ормай, дестелеп жатқандарын айтады. Егін орағына деп өңірге Атырау мұнай өңдеу зауытынан 11 мың тонна дизельді отын жеткізіліпті.

Мырзабай Боранбаев, шаруа қожалығының басшысы:

– Үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген жанармайды пайдаланып жатырмыз. 179 теңге. Барға ризамыз. Оны шаруашылыққа жеткізіп алу үшін қосымша көлік қосылады. Көлік шығыны 190 теңгеге барады.

Хабар 24 телеарнасы