386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік шаруалар күзгі жиын-терім науқанына толық дайын

  • 93
  • UPD: 09:24, 08.08.2019

Ақтөбелік шаруалар дән себілген алқаптың әр гектарынан 7-8 центнерден өнім алуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кейбір аудандарда егіннің шығымы бұдан да жақсы. Диқандар 15-тамыздан бастап ору жұмыстарына кіріспек.

Талғат Нұржігітовтің қожалық құрып, шаруашылықпен айналысқанына 10 жылға жуықтады. Үш мың гектар жерді мейлінше тиімді пайдалануды әдетке айналдырған. Жартысынан астамына егін егіп, өнім алып келеді. Нарықтағы сұранысқа орай биыл тарының да аумағын кеңейткен. Алайда өткен айлардағы күннің ыстығы дақылдың шығымын төмендеткен.

Талғат Нұржігітов, шаруашылық басшысы:

– 2016 жылы 38 центнерден алдық. 2012-2013 жылдары дүкендерге тары шығардық. Одан кейін ондай ала алмадық. Жаңбыр биыл болған жоқ. Түсімі нашар. 7-8 центнерден аламыз деген ойдамыз.

Алайда еткен еңбекті зая кетірмей, мол өнім алуды жоспарлап отырған шаруалар да аз емес. Мәселен, Мәртөк ауданының кейбір шаруашылықтары егіс алқабының әр гектарынан 10 центнерден алуды көздейді. Себебі тиісті аграрлық технология сақталған. Соның ішінде мал азығы – жүгері мен майлы дақыл – мақсарының шығымы жақсы. Енді бір аптадан кейін өзге аудандармен бірге жиын-терім басталады.

Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Күзгі жиын-терімді жинап жатырмыз. Амандық болса 15-нен бастап кірісеміз. Оған барлық жағдай жасалған. Арзандатылған жанар-жағармай алып келінді. Барлық техникамыз 100 пайыз дайын.

Жалпы биылғы көктемде облыс бойынша 780 мың гектарға дән себілген болатын. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында суармалы жерлердің аумағы ұлғайды. Қуаңшылыққа төзімді дақыл түрлеріне басымдық берілген.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнаддин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы