386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2050 жылға қарай отандық астық өнімінің көлемі 40% кемуі мүмкін

  • 106
  • UPD: 07:48, 08.08.2019
2050 жылға қарай отандық астық өнімінің көлемі 40% кемуі мүмкін

Қазірден бастап елдегі егіншілік мәдениетін құбылмалы климатқа бейімдемесек, 2050 жылға қарай отандық астық өнімінің көлемі 40 процентке кемуі мүмкін.

Бұл туралы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жобасының менеджері Сәулет Сәкенов хабарлады. Оның айтуынша, бидай егуге Қазақстанның солтүстік аймақтары ғана қолайлы. Қалған өңірлерде диқаншылық тәсілдерін жаңғырту қажет. Немесе бұршақты дақылдарға басымдық берілуі тиіс. Шығынның алдын алу үшін бірінші кезекте тың технологияларды енгізу маңызды. Сондай-ақ баламалы қуат көздерін қолдану, жаңа сұрыптарды шығару, құрғақшылық пен құбылмалы ауа райына төзімді жобаларды жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлу керек дейді ол. 

Сәулет Сәкенов, БҰҰ даму бағдарламасы жобасының менеджері:

– Ел бойынша құрғақшылық бірнеше аймақта байқалып отыр. Әсіресе, Ақтөбе облысы. Аталған өңірде дәнді дақылдар да егіледі, бірақ астық өнімі бұрынғыдай көп емес. Мәселені шешу үшін демеуқаржы қажет. Бірақ осы мақсаттарға бөлінетін қаржы көлемі өнімнен түсетін табыс мөлшерінен асып кетуі ықтимал. Сондықтан бұл экономикалық жағынан тиімсіз.

Хабар 24 телеарнасы