386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлге лас су ағызғандарға айыппұл салынады

  • 119
Алакөлге лас су ағызғандарға айыппұл салынады

Алакөлге лас су ағызған құбырлар жойылады.

Алматы облыстық экология департаменті көлге сарқынды су ағызған серіктестікке жоспардан тыс тексеру жүргізді. Лас су балалар мен ересектерге арналған екі бассейннен құбыр арқылы көлге аққан. Департамент мамандары кәсіпорынның барлық құжаттарын тексеріп, бассейннен сынама алды. Мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған. «Alma-trade-group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айыппұл салынып, су құбырлары жойылады. Алматы облысы бойынша экология департаменті сотқа мекеменің қызметін тоқтату туралы арыз беретін болды.

Хабар 24 телеарнасы