386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық жеткіншектер Қарқаралыда демалып жатыр

  • 93
  • UPD: 13:16, 08.08.2019
Арыстық жеткіншектер Қарқаралыда демалып жатыр

300-ге жуық арыстық жеткіншек жазғы демалысын Қарағанды облысында өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, 30 бала Қарқаралы ауданындағы туристік базаға барды. Бұл нысан жергілікті университеттің меншігінде. Яғни жеткіншектер үшін ойын-сауықтық әрі танымдық бағдарламаларды студенттер ұйымдастырады. Ал қалған 200 оқушы Балқаш көліне жақын Бектау ата жерінде жүр. Аталған мекен Қазақстанның 100 киелі орындарының тізімінде. Оның атауы көпке шипалы қымызымен танымал. Емге дәрі сусынды балалар күн сайын ішеді. Сондай-ақ таулы-тасты аралап, саяхат құруда. 

Марат Ибатов, Қарағанды ұлттық университетінің ректоры:

– Біз балаларға Қарқаралы ауданының ең көрнекті жерлерін көрсетіп жатырмыз. Таулы-тасты аймақты таныстырудан бұрын дәрігерлер әр жеткіншектің денсаулығын тексеріп шықты. Қажетінше емдік шаралар көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы