386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде техникалық және кәсіптік білім беруге баса мән берілмек

  • 189
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беруге баса мән берілмек

Білім және ғылым министрлігі Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің басын қосып, тамыз конференциясын өткізді.

Жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 250-ден астам колледж директорлары мен жұмыс беруші компания өкілдері қатысты. Бүгінде еліміз бойынша кәсіби-техникалық білім беретін 821 колледж бар, онда 500 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Аталған колледжердің 486-сында дуалдық жүйе қолданысқа енгізілген. Биылдан бастап теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берген жұмыс берушінің әр студентке кеткен шығынының 20% мемлекет тарапынан өтеледі.

Ернат Жүнісов, ҚР БҒМ, техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары:

– Президент атап өткендей, 1 қыркүйектен бастап біздің жұмысшы мамандығында оқитын студенттер стипендиясына 30% үстеме алатын болады. Бұл үлкен қолдау деп ойлаймыз. Келешекте біздің жұмысшы мамандығына тартуға үлкен үлесін береді деген сенімдеміз. Биылғы жылдан бастап тағы да бір үлкен жоба бастағалы отырмыз. «100 жаңа есім» біздің кәсіптік білім саласындағы студенттер арасында жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы