385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде мектептерді жөндеуге 400 млн теңге бөлінді

  • 136
Өскеменде мектептерді жөндеуге 400 млн теңге бөлінді

Жаңа оқу жылына Өскемен қаласындағы мекетептер 85 процент дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір білім ошақтарын жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңі атқарылып жатыр. Жалпы қала бойынша 45 орта мектеп болса, оларды жаңа оқу жылына дайындау үшін шаһар қазынасынан 400 миллион теңге бөлінді. Осы қаржыға 2 мектеп толық жөндеуден өтті. Ал қалған оқу ошақтары қажетіне сай жаңаланды. Әуелі барлық мектептердің жылу жүйесі, шатыры және кәріз құбыры тексеріліп, қажетінше қалпына келтірілді. Екінші кезекте, ішін сырлау, ағарту жұмыстары жасалды. Үнемделген қаржыға акт және спорт залды сырлау сияқты шаруалар істеліп жатыр. Қала бойынша соңғы 3 жылда 3 жаңа мектеп бой көтерді. Дәл қазір тағы жаңа екі мектеп салынып жатыр. Ол орта білім ошағының ғимараты осы қыркүйекте пайдалануға берілмек.

Абзал Мәулетханов, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Бірінші кезекте кейбір бөліктері апатты жағдайдағы мектептер жөнделді. Одан соң мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес одан асқан қаржы қосымша жөндеуді қажет ететін оқу ошақтарына берілді. Қазір жөндеу жұмыстары негізінен аяқталды. Енді 10-15 күнде 100 процент дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы