385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді заң жобаларының орындалу барысын арнайы сайт арқылы бақылауға болады

  • 105
  • UPD: 15:56, 08.08.2019
Енді заң жобаларының орындалу барысын арнайы сайт арқылы бақылауға болады

Бұдан былай заң жобалардың орындалу барысын арнайы сайт арқылы бақылауға және құжатқа қатысты ақпарат алуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Е-заңнама» жобасы осыған арналған. Бүгін Әділет министрлігі онлайн жүйенің интерфейсін таныстырды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған бағдарлама 2017 жылы қолға алынған. Бірақ оны жүзеге асыру қарқыны биылдан бастап күшіне еніп отыр. 2021 жылға дейін қарастырылған жобаның жалпы құны 105 млн теңгені құрайды. Бүгінде мемлекеттік мекемелердің тізімін толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары:

– Ұсынатын қызметтеріміз – заң жобалау жұмыстары. Электрондық түрде қалыптастыру. Сонымен қатар біз заң жобасының тұжырымдамасынан бастап, заң жобасының қабылдануына дейінгі бүкіл процестерді автоматтандыру көзделген. Сонымен қатар ақпараттық жүйе ол бүкіл заң саласындағы ақпараттық базаларды бірге интеграциялау жұмысы жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы