386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция заңды тұлға мен оның көлігіне қатысты жол парақшаларын тексеруге тиіс пе

  • 144
Полиция заңды тұлға мен оның көлігіне қатысты жол парақшаларын тексеруге тиіс пе

Қазақстандық полиция заңды тұлға мен оның көлігіне қатысты жол парақшаларын тексеруге тиіс пе?

Жыл басынан бері жүретін жол қашықтығы, уақыты, бағыты көрсетілетін мұндай құжаттың болмауы не мерзімі өтуі салдарынан заңды тұлғаларға 1200 айыппұл салынған. Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жол парақтарынан мүлде бас тартуды ұсынып отыр. Алайда бастама тек жеңіл көліктерге қатысты. Журналистерге арналған брифинг барысында кеңсе өкілдері бұған дейін техникалық бақылау құжатын да алып тастау ұсынылғанын айтты. 

Мирас Қарғабай, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Бұл сұрақ бойынша әкімшілік полиция комитеті жауап береді , одан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы сұраққа құзіретті. Жалпы менің ойымша, кез келген заңды тұлғада осы мәселе бар.

Елдегі инвесторлардың мемлекеттік қызметкерлерге шағымы азайған. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жүйелі жұмысы себеп болды. ««Protecting Business and Investments»» жобалық кеңсесіне былтырғы жартыжылдықта 350 арыз-шағым түссе, биыл 200-ге де жетпеген. Кеңсе құрылған бір жыл ішінде құны 11,5 трлн теңге болатын 339 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді. Жобалардың 30 процентіне шетелдік инвесторлар қатысқан. Айта кетейін, қазіргі таңда инвесторлар мен кәсіпкерлер арасында келіспеушілік жиілеп кетіпті. Оны өзара шеше жатар, десе де мемлекеттің бизнеске қысым жасауына жол берілмейді.

Айдос Мамыт, «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Осы 2019 жылдың 6 ай ішінде шағымдардың саны 200-ден асқан жоқ. Бұл ненің белгісі, біздің агенттіктің өте белсенді түрде Қазақстан бойынша, барлық аймақтарда инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау жұмыс істеп жатқан белсенді жұмыстың бір түрі. Өтініштерді қарастырған кезде Қазақстан бойынша 21 мемқызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 56 мемқызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы