386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде пәтерлерді жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны артты

  • 120
  • UPD: 23:18, 08.08.2019

Елімізде пәтерлерді жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің саны былтырмен салыстырғанда 1700-ге артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіптің осы түрімен заңсыз айналысып, пайдасын жасыратындарды анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізеді. «Сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен бірлескен тексеру шаралары да ұдайы өткізіледі», – деді бірінші вице-министр. Сонымен қатар ол көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге арналған жоспарлар жөнінде де айтты.

Хабар 24 телеарнасы