386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда көп балалы отбасының балалары тегін сүндеттеледі

  • 121
  • UPD: 23:17, 08.08.2019
Қарағандыда көп балалы отбасының балалары тегін сүндеттеледі

Құрбан айт мерекесі қарсаңында облыстық балалар клиникалық ауруханасы осындай сауабы мол акцияға ұйытқы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хирургиялық көмек 21 балаға көрсетілмек. Қазіргі күні үш пен бес жас аралығындағы 13 бүлдіршін сүндетке отырғызылған. Операция ары кетсе жарты сағатқа созылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында балаларын сүндетке отырғызуға шамалары келмейтін көп балалы отбасылардың тізімі жасалған.

Атап өтерлігі, процедура медциналық анықтамалары бар балаларға ғана тегін жасалады. Олай болмай шықса, ата-аналарға жекеменшік клиниканың көмегіне жүгінуге немесе баланы үй жағдайында сүндетке отырғызуға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы