386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 275 млн теңге өндірілді

  • 125
  • UPD: 23:14, 08.08.2019
Алматы облысында әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 275 млн теңге өндірілді

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірдегі кеден бекеттерінің қызметкерлері алғашқы жарты жылдықта 9 қылмыстық іс пен 12200 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 275 млн теңге өндірілді. Азаматтардың көбі шекарадан өтетін тауарды декларациялау және жүкті көлікпен тасымалдау барысында заңды айналып өткілері келеді. «Дегенмен қазіргі цифрлық жүйе мен озық үлгідегі инспекциялық бақылау кешендері оған мүмкіндік бермейді. Сол арқылы қазынаға қосымша 624 млн теңге көлемінде салық түсті», – дейді мамандар.

Төлеген Сәрсембаев, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Осы кеден саласын алсақ, 116 мыңнан аса автокөлік инспекциялық бақылау кешенінен өткен. Оның ішінде 1226 заңбұзушылық шыққан. 200 млн теңгеден аса салық өндіріп алдық. Былай алған кезде 61,8 пайызға өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жұмыс ары қарай да өзінің жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы