386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде айыппұл немесе өсімпұлдары бар 1 млн азаматтың қарызы кешірілген

  • 137
  • UPD: 23:13, 08.08.2019
Елімізде айыппұл немесе өсімпұлдары бар 1 млн азаматтың қарызы кешірілген

Еліміздегі әлеуметтік осал топ өкілдерінің несиелері 1 қыркүйекке дейін өтеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Мәлімдемеге сәйкес, айыппұл немесе өсімпұлдары бар 1 млн азаматтың қарызы кешірілген. Бұл мақсатқа мемлекет 30 млрд теңге жұмсады. Енді 300 мың теңгеге дейін несие алған әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне көмек қолын созу қажет. Олардың қатары 1,5 млн-ға жуық. Бұдан бөлек алдағы уақытта Ұлттық банк азаматтардың қарыз ауыртпалығын ұлғайтпау жөніндегі заң жобасын таныстыруы тиіс.

Дәурен Сәлімбаев, ҚР Ұлттық банкі департаментінің директоры:

– Несие төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда айыппұл немесе өсімпұл қосуға тыйым салуды жоспарлап отырмыз. Жаңа заң арқылы күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын азаматтарға тұтынушылық несие беруге жол бермейміз. Бұған қоса кепілсіз қарыз беру секторында өзге де тәуекелдердің алдын алу бағытында шаралар қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы