386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлдегі қонақүй кешеніне 75750 теңге айыппұл салынды

  • 142
  • UPD: 23:13, 08.08.2019

Алакөлге ауласындағы бассейннің тұрып қалған суын ағызған қонақүй кешені жабылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облыстық Экология департаментіндегілер осылай дейді. Өткенде ғана оның қожайындарына өте ірі көлемде айыппұл салынады делінген еді. Алайда айыппұл көлемі 75 мың 750 теңгеден аспапты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы демалыс орындарының бірінен Алакөлге лас су ағып жатқаны көрсетілген бейнежазба тараған болатын. Мамандар оқиға болған аумақты қайта-қайта тексеріп, сынама алып, экологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады.

Сейдалы Сариев, облыстық Экология департаментінің баспасөз хатшысы:

– Айыппұлдар салынды. Айыппұлдың сомасы – 75 750 теңге, екі айыппұл салынды. Қазір осы экологиялық құжаттарды толық рәсімдегенше ,кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы сотқа құжаттар дайындалуда.

Хабар 24 телеарнасы