386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында егіс алқаптарының 15% күйіп кетті

  • 145
  • UPD: 23:11, 08.08.2019
Қостанай облысында егіс алқаптарының 15% күйіп кетті

Ыстықтан Қостанай облысындағы егістіктің 613 мың гектары күйіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – барлық алқаптар үлесінің 15 проценті. Басты себеп жердегі ылғал аз әрі ала жаздай тамшы тамбаған. Шілде айында аймақта 18 күн бойы ауа температурасы 35 градустан төмендеген жоқ. Әсіресе өңірдегі оңтүстік аудандарда жағдай қиын. Қуаңшылықтың зардабын Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының егінжайлары айтарлықтай сезінді.  

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

– Бірде-бір жаңбыр түспеген аудандар жоқ. Әрбір ауданда уақытында өздерінің жаңбырлары болды. Бірақ кейбір аудандарда мамыр айында болса, кейбіреуінде маусымда болды. Бірақ жеткіліксіз.

Хабар 24 телеарнасы