386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егін алқаптары зақымданды

  • 134
  • UPD: 23:11, 08.08.2019

Биыл аймақта зиянкестер көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фитосанитария қызметі бұл соның кесірі деп отыр. Әйтеуір мамандардың нұсқауымен химиялық өңдеу жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, бидай аман қалды.

Солтүстіктің сары алтыны. Қайрат Аушақымов егін алқабын аралап, бидай масақтарын жинап жүр. Агрономның айтуынша, астық пісіп-жетілген. Енді оның ішін қарау керек.

Қайрат Аушақымов, агроном-энтомолог:

– Масағымызды қазір зертханаға апарамыз. Өзіміздің зертханамыз бар. Сонда 2-3 күн оны жатқызып кептіру керекпіз.

Бидай масақтарын Татьяна Мельникова қабылдайды. Ол сары алтынды тексеріп, зақымдану көрсетішін анықтайды. Зиянкестер шамадан тыс болса, шаруаларға тиісті нұсқау беріледі.

Татьяна Мельникова, зертханашы:

– Бидайдың масағын сілкілеп, жұлдызқұрттарын санап шығамыз. Содан кейін оны қайтадан қапшыққа салып, екі күннен кейін тағы қағу керек. Зиянкестің санына байланысты зақымдану көрсеткіші белгілі болады.

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарына зиян келтіретін 20-дан астам зиянкес бар. Солардың бірі – сұр көбелек. «Ол масақтағы піскен бидайды жеп қояды», – дейді мамандар.

Бүгінгі күні фитосанитариялық қызмет мамандары 450 мың гектар жерде зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Биыл зиянкестермен зақымданған алқаптардың аумағы артып отыр», – дейді олар.

Рүстем Елубаев, Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының СҚОФ директоры:

– Экономикалық зақымданудың көрсеткіші бүгінгі күні бидай тұқымдарында 100 масақшаға 7,5 жұлдызқұрттан, тауарлы дәнді дақылдарда 15 құрттан. Үкімет тарапынан, Ауыл шаруашылығы министрлігінен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін барлық туындаған сұрақтар шешіліп, қаражат көмегі көрсетілді.

«Зиянкестер ылғалды ауа райында тез таралады», – дейді мамандар. Қазір түн суық. Бұл да астық шығымдылығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы