386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ААК тәжік еліне авиациялық қауіпсіздік жөнінен көмектесіп жатыр

  • 134
  • UPD: 12:10, 09.08.2019
ААК тәжік еліне авиациялық қауіпсіздік жөнінен көмектесіп жатыр

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік саласында Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

ИКАО-ның «NO COUNTRY, LEFT BEHIND» (Ешбір ел назардан тыс қалмайды)» халықаралық бағдарламасы аясында Комитет Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға көмектесуде. Тәжікстанның Азаматтық авиация әкімшілігінің 5 (бес) маманы «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» курсы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясының ИКАО авиациялық қауіпсіздігі бойынша оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуде. Оқу бағдарламасына сәйкес Алматы қаласының әуежайында тәжірибелік сабақтар, сонымен қатар тәжірибе алмасу және авиамекеменің қауіпсіздік жүйесімен танысу жоспарланған. ИКАО-ның әмбебап тексеру бағдарламасына сәйкес, Тәжікстан жыл аяғында авиациялық қауіпсіздік аудитінен өтуі керек. ИКАО аудитінің негізгі талаптарының бірі авиациялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды сапалы даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы