386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сауда сөрелерінен 29 тонна қауіпті тағам өнімі алынып тасталды

  • 169
  • UPD: 18:08, 09.08.2019

Жыл басынан бері еліміздегі сауда сөрелерінен 29 тонна қауіпті тағам өнімі алынып тасталды.

Сапасыз сүт, шұжық, сары май сынды тауар өндірушілерге 38 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлім етті. Құзырлы орган алғашқы алты айда 32 мыңнан астам тағам түрі мен тауарына тексеру жүргізген. Нәтижесінде 20 пайызы техникалық талаптарға сай болмай шықты. Сондай-ақ еліміздегі ойыншықтардың балалар денсаулығына әсері жан-жақты тексерілді. Сөйтіп, жартысынан астамы сапасыз деп танылып, басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінгені анықталды.

Дана Қасқатаева, ҚР ДСМ тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басқарма басшысы:

- Осы мониторинг шеңберінде жануарлардың етінің сәйкестігі тексерілді. Бұл ретте, ет топтамалары тексерістен өтті. Нәтижесінде 143 ет құрамынан таңбалауында көрсетілмеген шошқа ДНК-лары анықталды. Ет өнімдері топтары бойынша 67 пайызы шұжық өнімдері, жартылай фабрикат сынамаларынан 20 пайыз, қалған 7 жарым пайызы ет консервілерінен анықталып отыр. Ол өнімдер алынып тасталды және жойылды.

Хабар 24 телеарнасы