386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандық балабақша тәрбиеленушілері робототехниканы меңгеруде

  • 145
Шығысқазақстандық балабақша тәрбиеленушілері робототехниканы меңгеруде

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында балабақша тәрбиеленушілері робототехниканы меңгеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлінген. Қаржы инновациялық кабинет ашу мен нысанды жөндеуге жұмсалған. Сонымен қатар тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды. «Журавушка» балабақшасындағы алғашқы оқу жылы конструктор жинаудан басталды. Бүлдіршіндер түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренді. Балақайлардың жаңа үйірмеге деген қызығушылықтары зор дейді, тәрбиешілер. Айта кету керек, бұл – мектепке дейін робототехника үйірмесін енгізген облыстағы әзірге жалғыз балабақша.

Ольга Ильина, балабақша директорының міндетін атқарушы /Курчатов қаласы/

– Шағын моториканы, логикалық ойлау қабілетін, фантазияны дамыту. Белгілі бір ортада тез тіл табысуды үйрету. Біздің балаларға мұның барлығы ұнап жатыр. Тәрбиешілердің барлығы биыл конструкциялау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Хабар 24 телеарнасы