385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Ішкі істер министрі жазасын өтеушілердің жағдайымен танысты

  • 165
  • UPD: 18:16, 09.08.2019

Абақтыда жазасын өтеп жатқандарға зорлық-зомбылық көрсетуге жол берілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясы қызметінің жұмысын тексерді. Бұған дейін дәл осы колония қызметкерлерінің тұтқындарға зәбір көрсетіп, азаптағаны туралы бейнеролик әлеуметтік желіге тараған болатын. Тексерістен кейін қызметін асыра пайдаланғандар жауапкершілкке тартылып, түзеу мекемесінің басшысы жұмыстан босатылды. Бүгінде мұнда 737 сотталушы бар. Олардың 243 -і еңбекпен қамтылған. Тексеріс кезінде министр олардың жағдайымен танысып, бас бостандығынан айырылған 37 сотталушыны қабылдады. 

Игорь Мирошниченко, Ұлттық превентивтік механизмнің мүшесі:

– Сотталғандарға зәбір көрсетуге жол берілмейтіні туралы министрдің өзі мәлімдеді. Сондай-ақ Президент те бұл мәселеге назар аударды. Бақылау күшейгендіктен, абақты қызметкерлерінің аяқ тартатыны белгілі. Оның үстіне бүгін Министр азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сотталғандардың жеке мәселелерін тыңдап, оларды шешуге, түскен ұсыныстардың кейбірін ескеріп, заң актілеріне қосу туралы айтты.

Хабар 24 телеарнасы