386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда темір жол көліктері ерекше технология бойынша жасалады

  • 145
Екібастұзда темір жол көліктері ерекше технология бойынша жасалады

Екібастұзда темір жол вагондарының дөңгелегін жасайтын зауыт дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын жарты жыл бойы автоматтандырылған жүйені енгізумен айналысқан еді. Енді барлық технологиялық үдерістер автоматты түрде бақыланатын болады. Бұл – әлемде баламасы жоқ, теңдессіз технология. Кәсіпорын, негізгі өндірістік желіні іске қосуға кірісіп кетті. Қазірдің өзінде күн сайын 120 дана дөңгелек жасалып жатыр. Жақын уақытта локомотивке арналған дөңгелектер шығара бастайды. Әзірге зауыт өнімі ішкі нарықтың сұранысын толық қамтып отыр. Бір бөлігі көрші Ресейге экспортқа жөнелтіледі. Толық өндірістік қуатына көшкенде күніне 650 дана дөңгелек жасайды.

Игорь Голтвенко, кәсіпорынның атқарушы директоры:

– Қазір дөңгелектерді экспортқа шығару жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз «Дженерал электрикпен» келесі кезеңде жұмыс істейтін боламыз. Ол 2020 жыл. Биылғы жылы локомотивке арналған дөңгелектер өндірісін іске қоспақпыз. Зауыттың жылына 200 мың дана дөңгелек жасауға қуаттылығы бар. Келесі жылдың сәуір айында жобалық қуаттылыққа көшеміз.

Хабар 24 телеарнасы