386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан қабылданатын сүттің сапасы төмен

  • 150
Елімізде тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан қабылданатын сүттің сапасы төмен

Елімізде тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан қабылданатын сүттің 90 процентінің микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сай келмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан сүт одағының сарапшылары осындай мәлімдеме жасады. Осы мәселені шешу үшін арнайы «Жол картасы» әзірленген. Енді аталған жоба негізінде келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап кедендік одақтың регламенттік талаптарына жауап бермейтін шикізатты өңдеу кәсіпорындары қабылдамайды. Сондықтан мамандар кәсіпкерлермен кездесіп, арнайы түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Сәуле Жанкина, Қазақстан сүт одағы үйлестіру кеңесінің мүшесі:

– Шикізаттың басым бөлігі зауытқа шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Ал оның қаншалықты сапалы екенін ешкім біле бермейді. Сүт қайда, қалай сақталды? Талапқа сай ма, жоқ па? Оны ешкім тексеріп жатқан жоқ. Сондықтан осы қабылданған жол картасы аясында біз осы сынды олқылықтардың орнын толтыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы