386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру қорына қаржы құюға неге алаңдайды

  • 130
Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру қорына қаржы құюға неге алаңдайды

Еліміз медицина саласына айырықша көңіл бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосады. Бұл жаңашылдық тұрғындардың жедел және жоспарлы түрде медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді. Дегенмен көптеген азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тәртібін, мақсатын түсіне бермейді. Әсіресе, жұртшылықты өздері төлеген қаржыға қандай көмек алатыны қызықтырады. Көбі міндетті медициналық сақтандыру қорына қаржы құюға алаңдайды. Осы мақсатта жүйенің тәртібін білу міндет. Қор қазір бұл жұмыстарды ұйымдастырып, ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Айбатыр Жұмағұлов, медициналық сақтандыру қорының төрағасы:

– Халыққа бірінші кезекте өзінің құқығын, сақтандыру жүйесіне қалай кіру керек, ол қалай, қандай жағдайда өтетінін түсіндіру – біздің басты міндетіміз. Жалпы қор алдында мемлекеттік мекеме ме, жоқ жеке ме, ешқандай айырмашылық жоқ. Талаптардың бәрі бір. Керісінше бәсекелестікті арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі, қор тарапынан қолдаулар болады.

Хабар 24 телеарнасы