386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтар дәрігерлерден тегін кеңес алды

  • 163
Арыстықтар дәрігерлерден тегін кеңес алды

Арыс қаласында «Денсаулық жолы» республикалық акциясы өтті.

Шара аясында 30-ға жуық дәрігер халыққа тегін медициналық қызмет көрсетіп, дәрігерлік кеңес берді. Олардың ішінде педиатр, офтальмолог, эндокринолог, онколог, кардиолог сынды мамандар бар. Акцияға тағамтану академиясының өкілдері де қатысып, тұрғындарға дұрыс тамақтану туралы мағлұматттар берді.

Ләззат Төреева, Арыс қаласының тұрғыны:

– Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Бүгін көрінуге келдім. Бұл жерде құрылыс жүріп жатыр. Сондықтан үйдеміз.

Фарида Байзахова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры:

– Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың арасында салауатты өмір салтын ұстану негіздерін түсіндіру. Созылмалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Сол ауруларды туындататын қауіпті факторларды түсіндіру жұмыстары, сонымен бірге келесі жылдан бастап құрылатын салауатты өмір салтын қалыптастыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша халықтың арасында насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы