386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау тұрғындары сауда орталығында тегін медициналық тексерістен өтті

  • 145
  • UPD: 20:24, 09.08.2019
Көкшетау тұрғындары сауда орталығында тегін медициналық тексерістен өтті

Көкшетауда небәрі екі сағаттың ішінде 300 адам денсаулығын тегін тексертуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шараны облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қаладағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырған. Келушілер қан қысымын өлшетіп, оның құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтап, бойы мен салмағының сәйкестігін білді. Жалпы мұндай акция өткен жылдан бері өткізіліп келеді. Мәселен, былтыр осындай шараның аясында 7 мыңнан астам адам скринингтен өткен.

Әсемгүл Нұрманбекова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Әр акциядан соң біз арнайы сараптама жасап, денсаулығында ауытқу болған адамдардың тізімін емдеу мекемелеріне жібереміз. Әрі тұрғындардың өздеріне де емханаға баруы қажеттігін ескертіп айтамыз. Мұндай акцияларды алдағы уақытта да жүйелі өткізіп тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы