386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов елорданың үздік құрылысшыларын марапаттады

  • 132
Алтай Көлгінов елорданың үздік құрылысшыларын марапаттады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысшыларды кәсіби мекересімен құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне 5 бірдей сала маманы ие болды. Олардың қатарында Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысқан және Түркістан облысына құрылыс материалдарын жөнелткен компания өкілдері де бар. Бас шаһар басшысы сала қызметкерлері жұмысының маңыздылығын атап, еңбектеріне жеміс тіледі. Айта кетейік, бүгінде елордада 65 мың құрылысшы жұмыс істейді. Соңғы 20 жылда ел астанасының аумағы 3 есе өскен.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Жуық арада Арыс қаласында болған оқиғадан кейін ондағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына біздің құрылысшылар білек сыбана кірісті. Үлкен алғысымызды білдіреміз, әлі де күн түн демей, еңбек етіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда қолжетімді баспана құрылысы артатын болады.

Ғабит Сатмағамбетов, құрылыс компаниясының өкілі:

– Біздің компания елордада қолжетімді баспана құрылысымен айналысып жатыр. Пайдалануға берілетін пәтерлердің жалпы аумағы жылына шамамен 100 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ өткен айда Арыс қаласына жалпы құны 56 млн теңгеге тең құрылыс материалдарын жөнелттік.

Хабар 24 телеарнасы