386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда электр энергиясынан тапшылық жоқ

  • 112
  • UPD: 15:38, 10.08.2019
Павлодарда электр энергиясынан тапшылық жоқ inbusiness.kz

Екібастұз электр станцияларында 4 миллиард килловатт/сағаттық қор жинақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы индустриалды аймақта бой көтеретін жаңа кәсіпорындар арзан қуат көздерімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті билік Болат Нұржанов атындағы 1-мемлекеттік аймақтық электр станциясының айналасынан қуат көздерін тұтынатын жаңа өндіріс ошақтарын салуды жоспарлап отыр. Тұрақты инвесторларға электр энергиясы ең тиімді бағамен, яғни килловатт/сағаты 10,7 теңгеден ұсынылады. Бүгінгі таңда болашақ индустриалды аймақты қуат көздерімен қамтамасыз етудің тың жобасы таңдалып алынды. Оның құны – 23 миллиард теңге. Жартысын KEGOC компаниясы өтейді. Жаңа электр желісін Екібастұз станциясы тартатын болды. Бүгінгі таңда бұл аумақта 6 энергоблок жұмыс істеп тұр. Тәулігіне станция 63 миллион 500 мың килловатт сағат қуат көзін өндіреді. 

Мәди Әбішев, Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 бас директоры:

– Бүгінгі таңда еліміздің электр энергиясы нарығындағы барлық сұраныс жабық. Оны тек Екібастұз электр стансалары қамтамасыз етіп отыр деуге болады. Қазір артық жүктемемен жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені Қазақстанның жылу орталықтары жылыту маусымына дайындық үстінде. Жылу маусымы басталатын шақта тоқ тарату үрдісі төмендейтін болады. Станция қыс маусымына дайын. Нарық сұранысын толық қамтитын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы