386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мал бордақылау алаңы ашылды

  • 179
  • UPD: 15:37, 10.08.2019
Түркістан облысында мал бордақылау алаңы ашылды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге мұнда 336 ірі қара бар. Ферманы жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салған. Су тартып, электр желісін жүргізген. Қазір мал сою жұмыстары басталды. Әзірге бұл аудандағы ең ірі мал бордақылау алаңы саналады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, ауыл тұрғындары мал басын көбейтуді қалайды. Бірақ жайылымдық жер тапшы. Ал қаржысы бар фермерлер мал бордақылау алаңдарының көлемін ұлғайту арқылы бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіріп жатыр. Алайда ірі қара мұнда жыл бойы қолға қарап тұрғандықтан шөпті сатып алуға тура келеді.

Бауыржан Әбуов, шаруашылық басшысы:

– Ет комбинаты, жұшық шығаратын цехтар ұсыныс берді. Сұранысқа қарай соларға жібереміз. Сұраныс бар, өте жақсы. Көрші Өзбекстаннан да сұрап жатыр. Олармен де келісімшартқа отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы