386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің әскерилері Моңғолияда ат марафонынан жүлделі орынды иеленді

  • 120
  • UPD: 17:15, 10.08.2019
Еліміздің әскерилері Моңғолияда ат марафонынан жүлделі орынды иеленді

Халықаралық армия ойындарында Қазақстан командасы үздіктер қатарынан көрінді.

Моңғолияда өткен «Аравт» ат марафонында отандастарымыз Қырғызстан мен Ресей құрамасын басып озып, жүлделі екінші орынды иеленді. Бірінші орын Моңғолия құрамасының еншісінде. Бұл жарыс Халықаралық әскери ойындар бағдарламасына биыл ғана енгізілген. Ойынның шарты бойынша сайыскерлер 130 шақырым қашықтықта марафонға қатысып, қысқа қашықтықта эстафетадан өтеді. Жарыс жолы ретінде орманды, су бөгеттері мен құмды жерлер таңдалған. Халықаралық жарысқа қатысқан жерлестеріміз Таразға келді. Атты марафоннан жүлдемен оралған әскерилерді дүйім ел қошеметтеп қарсы алды.

Мереке Сейсебаев, команда бапкері:

- Халықаралық жарыста екінші орын алдық. Ол екінші орын бұл бірінші рет өтіп жатқан жарыста жеңіс деп есептеймін. Балалардың жағдайы жақсы. Денсаулықтары сақадай сай. Күтіп алып жатқан туған-туыстарына және оркестрге көп рақмет.

Хабар 24 телеарнасы