386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық Армия ойындарында сарбаздарымыз жақсы нәтиже көрсетіп келеді

  • 134
  • UPD: 22:53, 10.08.2019

Халықаралық Армия ойындарында қазақстандық әскерилер жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Өз еліміздің аумағында өтіп жатқан сайыста Артеллериялық атыс шеберлері бойынша Қазақстан командасы алда келеді. Дәлдік пен жылдамдықты қажет ететін бәсекеде сарбаздар кедергіден мүдірмей өтіп, нысанаға дөп тигізу керек. Бірнеше айналымнан тұратын сайысқа 12 құрама команданың жауынгерлері қатысты. Жалпы есеп қорытындысы бойынша екінші орында Ресей. Ал үшінші орын Өзбекстан командасының еншісінде.

Еске сала кетейік, Халықаралық Армия ойындары он елдің аумағында өтіп жатыр. Онда 40-қа жуық елдің әскери ұжымдары бақ сынап, түрлі санаттар бойынша мықтыны анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы