386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда қызанақ өсіретін жылыжайдың құрылысы аяқталып қалды

  • 152
Екібастұзда қызанақ өсіретін жылыжайдың құрылысы аяқталып қалды

Екібастұзда қызанақ өсіретін тағы бір жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын.

Ол ауқымы жағынан еліміздегі ең үлкен кешеннің біріне айналмақ. Нысан 50 гектар алқапты алып жатыр. Оның 10 гектарын осы жылы қолданысқа беру көзделген. Бұған дейін шетелден тасымалданған көкөніс көшеттері енді осы жерде өсірілмек. МАЭС-1 стансасының дәл жанынан орын тепкен кәсіпорын арзан қуат көзін тұтынады. Атап өтерлігі, бұл осы өңірдегі голландтық технология бойынша раушан гүлдері мен қызанақ өсіретін жылыжайдың жалғасы. Мұндағы өнімнің 90 проценті көрші Ресейге экспортталады. Жылыжай басшылығы жаңа жобаның ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады. Ал мердігерлер кешен құрылысын уәде етілген мерзімде тапсырамыз деп отыр. 

Жангелді Әбілғазин, мердігер ұйымның директоры:

– Жоспар бойынша тамыздың бірінші он күндігінде біз көшет өсірілетін орынды тапсырамыз. Бір айдан кейін жылыжайдың өзін өткізіп береміз. Барлық жабдықтар алынды, жылыжай кешені голландтық технологиямен салынған. Жобасы да сол жақта әзірленді. Бұл Екібастұзда жүзеге асқан алғашқы жоба емес. Супервайзинг пен бақылауды шетелдік мамандар қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы