389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрбан айт мейрамын қостанайлықтар қалай қарсы алды

  • 329
  • UPD: 09:38, 11.08.2019

Мұсылман қауым үшін қасиетті Құрбан айт мейрамын қостанайлықтар да қуана қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңнан тұрып, сап түзеп, намаз оқыды. Аллаға сансыз шүкіршілік етіп, құрбан шалды.

Данияр Сұлтан, тілші:

– Барша мұсылман жұртшылығы үшін қасиетті мереке діни мереке Құрбан айт мүбәрәк болсын! Бүгінде облыс бойынша 20 мешіт бар. Оның үшеуі Қостанай қаласында орналасқан. Осы сағаттарда барлығында да Құрбан айт намазы оқылып бітті. Біз қазір Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітте тұрмыз. Мерекелік намазды оқу үшін бұл жерге мыңнан астам тұрғын таң сәріден жиналды. Ғибадат үйі ішіне сыймағандар намазды сыртта оқыды.

Біз тұрған мешіт осыдан 3 жыл бұрын Құрбан айт күні есігін ашқан болатын. 2010 жылы құрылысы басталған үш қабатты нысанды салуға облыстағы іргелі өндіріс ошақтары және шаруа қожалықтары үлес қосты. Оған Қостанай, Торғай жеріне ислам құндылықтарын таратуда өлшеусіз еңбек сіңірген, уағызшы Аймағанбет қажы Спанұлының есімі берілді.

Қазір мешіттен шыққан жұртшылық Алла ризалығы үшін құрбандық шалады, мал сояды. Бұл – мұсылмандардың негізгі парыздарының бірі. Қостанай қаласы бойынша құрбандық шалатын арнайы бір орын белгіленген. Ол жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, қарттар мен жетімдер үйіне мал еті таратылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы