385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

  • 211
Бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті ОНТ

Абай, Алтай, Шымкент қалаларында бір күнде үш бала тезеден құлаған.

Бұл туралы Қазақпарат ҚР Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«10 тамыз күні Қарағанды облысының Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен қараусыз қалған 3 жасар сәби құлап, әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы ауыр. Сол күні Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында бесінші қабаттың терезесінен тағы біреуі құлап, оқиға орнында көз жұмды. Шымкент қаласының Нұрсат ықшам ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы балконнан бес жасар бала құлап, оқиға орнында мерт болды», - делінген Комитет ақпаратында. Ведомство өкілдері үш жағдайда да құлаған балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанын айтады.

«Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек. Терезеге тұтқан торға сенуге болмайды. Олар баланы қорғауға арналмаған. Барлық жиһазды, соның ішінде керуеттерді, терезеден алыс қойған абзал» - деп ескертеді ТЖК.

Хабар 24 телеарнасы